Баянқолға топтық тур
- Ұзақтығы
- 2 күн
- Маусым
- Маусым–қыркүйек
- Тілдер
- Қазақ тілі 🇰🇿, Орыс тілі 🇷🇺
Мұздықтары, альпілік шалғындары, тау өзендері және Мәрмәр қабырға көріністері бар Баянқол шатқалын аралаңыз.
- Сипаттама
- Тур маршруты
- Не кіреді
Сипаттама
Баянқол — Хан Тәңірі етегіндегі Тянь-Шаньның ең көркем шат қалдарының бірі. Мұздықтар, альпілік шалғындар мен асау өзендер қаладан жырақтағы жабайы тау көрінісін қалыптастырады. Екі күндік сапарға жол талғамайтын көлікпен жүру, шатырда түнеу, алау жанындағы кешкі ас және Мәрмәр қабырға көріністерін тамашалайтын жаяу жорық кіреді.
Тур маршруты
1-күнАлматы — Құртоғай — Кеген — Баянқол
06:00Абай мен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысында жиналу
06:20Жол талғамайтын көліктермен жолға шығу
11:00Құртоғай шатқалы мен Кеген өзенінің көрініс алаңдарын аралау, жол бойындағы табиғатты тамашалау
13:00Шекаралық бақылау
14:30Баянқол шатқалымен жүру
16:00Лагерьге келу
17:00Көркем айналаны аралап серуендеу
20:00Алау жанындағы кешкі ас, ыстық шай және жұлдыздарды тамашалау
2-күнБаянқол — Жарбұлақ — Алматы
07:00Ояну
07:30Таңғы ас
08:00Жарбұлақ кенішіне бару
09:00Мәрмәр қабырға көріністерін тамашалайтын жаяу жорық (2–3 сағат)
13:00Түскі ас (өзіңізбен бірге әкеліңіз)
14:00Алматыға қайту
22:00Алматыға келу
Не кіреді
- Жол талғамайтын көлікпен екі бағытқа трансфер
- Шекара аймағына рұқсат қағазы және гид қызметі
- Жорық жабдықтары: шатыр, ұйықтайтын қап және төсеніш
- Жорық пеші және ыстық шай
- Таудағы кешкі және таңғы ас